Негізі қаланған сәттен бастап журнал өз дәстүрі мен құндылықтарын сақтап келеді. Форматы өзгермей, мазмұны заман ағымына сай жаңарып отырады. «Отбасы және балабақша» журналының тарихы, бүгіні мен болашағы – үздіксіз байланысқан бір тұтас жол. Өткеннің тәжірибесі мен бүгіннің цифрлық жаңашылдығы осы басылымда тоғысады.

"ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАБАҚША"
журналының ағымдағы саны

Балабақша журналы тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған.

Журналдың кезекті санында «Мектепке дейінгі педагогика» айдарымен жарияланған «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК-ның педагог-зерттеушісі, «Үздік педагог – 2024» атағының иегері Идрисова Меруерт Абильтаевна мен педагог-сарапшы, п.ғ. магистрі Мадешова Алуа Архабаевнаның  «Жарты ғасырлық белес: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің заманауи тенденциялары» тақырыбындағы мақаласы,   Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Zhansugurov College-нің арнайы пәндер оқытушылары А.Н.Омарова, А.Т.Исмаилова, Ж.М.Байдильдановалардың «Шеберлік пен сапа тоғысқан колледж» атты материалы арқылы аталмыш оқу орындарының кадр даярлаудағы тың ізденістерімен, бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныса аласыздар.

 «Тәрбиеші, Сіз үшін: оқы үйрен, қолдан» айдары бойынша назарларыңызға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Жұмабекова Фатима Ниязбекқызының «Ғұламалар ілімдері негізінде мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде  қолданылатын ойындар» атты авторлық жобасындағы Жүсіп Баласағұнның «Ізгілік ілімі» негізіндегі ойындар, Қостанай қаласындағы «№61 бөбекжайы»  ҚМҚК-ның дене шынықтыру нұсқаушысы Байдаулетов Садыль Ахметовичтің «Бестемше» ойынының ерекшелігі, Қарағанды қаласындағы «Алтын сақа» бөбекжайының педагог-модераторы Ермек Аңсаған Талғатқызының «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі экологиялық тәрбиенің маңызы» тақырыбындағы жұмыстары ұсынылады.

«Балаңызға оқып беріңіз» айдарынан, алыс-жақын шетелдерге танымал жазушы, көптеген халықаралық дәрежедегі марапаттардың иегері, ҚР еңбек сіңірген қызметкері Сәуле Досжанның «Кім жақсылықты көп жасайды»  әңгімесін балалармен бірге оқи аласыздар.

 «Балабақша тынысы» айдары бойынша Ақтөбе қаласындағы №29 «Арай» бөбекжай-балабақшасының ұжымы өз іс-тәжірибелерімен бөліседі.

Тәсіл негізі – тәжірибе айдарында Алматы қаласындағы КМҚК «№129 бөбекжай-балабақшасының» тәрбиешілері Р., Сахарханова, Л.Б. Алтынбекованың, Ақтөбе қаласындағы № 28 «Көркем» балабақшасының тәрбиешісі Ә.С. Сайымованың, Ақтау қаласындағы № 11 «Шағала» балабақшасының музыка жетекшісі  Л.Д. Сайлаубаеваның ұйымдастырылған іс-әрекеттері топтастырылды.

 «Воспитание и обучение» айдарымен Костанай қаласындағы КГКП  №17 бөбекжай-бақшасының педагогы Буйницкая Людмила Александровнаның «Преемственность дошкольного и начального образования как условие успешной адаптации и развития личности ребёнка» тақырыбындағы материалы жарияланды.

«Спосибо за подаренный мир» айдарынан Ұлы Отан соғысының ардагері Намысбай Сексенбаев жайлы шөбересі Амина Ержанқызының бейнебаянын көре аласыздар.

Аңдатпа

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың заманауи тенденциялары
Ғұламалар ілімдері негізіндегі рухани-танымдық тәрбие
Мектеп жасына дейінгі баланы әдебиет әлеміне баулу
Ұлттық ойынның бала тәрбиесіндегі маңызы Балабақша – баланың алғашқы әлемі
Экологиялық мәдениет, зерттеу, бақылау
Педагогтардың ұйымдастырылған іс-әрекеттері
Жеңіс туын желбіреткен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тағзым!

«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінгі педагогтардың шығармашылық ізденісі, тың идеялары, кәсіби шеберлікті үнемі жетілдіруге ұмтылысы – заманауи білім беру трендтеріне толық жауап береді».

Zhansugurov College-нің мақсаты, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісін даярлап, олардың мәртебесін әрдайым жоғары көтеру.

Ғұламалардың ілімдеріне негізделген ойындар балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың танымдық, зияткерлік және рухани дамуына ықпал етеді.

Балабақша тәжірибесінде бестемше ойынын жүйелі түрде қолдану балалардың ойынға деген қызығушылығын, белсенділігін арттырады. Балабақша өмірінің мәні – баланы жан-жақты дамыту.

Балабақшадағы «Адал азамат» бағдарламасы баланың бойына ерте жастан адалдық, әділдік және жауапкершілік қасиеттерді ойын, практикалық іс-әрекет, әлеуметтік қарым-қатынас арқылы қалыптастыруға бағытталған.

Құттықтаймыз !

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы КМҚК «Балапан» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Дүйсемалиева Алмажай Кубайдуллаевнаны мерейлі 55 жасымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті Алмажай Кубайдуллаевна, Сіз көп жылдық еңбегіңізбен, кәсіби шеберлігіңізбен және парасаттылығыңызбен ұжымға үлгі болып келесіз. Сіздің білікті басшылығыңыздың арқасында балабақша талай жетістіктерге жетіп, тәрбиеленушілердің сапалы білім мен тәрбие алуына зор үлес қосып келеміз.

Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс тілейміз! Әр күніңіз қуанышқа, шаттыққа, жақын жандарыңыздың ыстық ықыласына толы болсын!

Мерейлі жасыңыз құтты болсын!

Ізгі тілекпен:
КМҚК «Балапан» бөбекжай-бақшасының ұжымы

Ещанова Тарбия Сейтжановна

Ақтөбе қаласындағы № 29 «Арай» бөбекжай-балабақшасының Меңгерушісі

Балабақша өмірінің мәні – баланы жан-жақты дамыту. Мұнда балалар өз эмоцияларын түсінуді, өзара сыйластықты, жауапкершілікті, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Педагогтар әр баланың қабілетін, білімге деген қызығушылығын ашуға көмектеседі. Балабақшада балалар әртүрлі ойындар арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Шешім қабылдауды, ынтымақтастықты және топтағы жауапкершілікті үйренеді. Мысалы, бірлескен тапсырмаларды орындау барысында бала командалық жұмыс, сабырлылық және басқаларды тыңдау дағдыларын дамытады. Ата-аналар мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығы да маңызды рөл атқарады. Бірлескен іс-қимыл – баланың дамуына серпін береді. Педагогтар мен ата-аналар бір мақсатқа – баланың ақылды, жауапты және адамгершілік қасиеттерге бай тұлға болып өсуіне мән бере жұмыс істегенде ғана нәтиже шығады.

Материалдың толық нұсқасын мұрағаттан қараңыз.

Төменде авторлардың түрлі тақырыптағы материалдарының ықшамдалған нұсқасын ұсынамыз. Ұлттық құндылық, ойын, шығармашылық, тәрбие және заманауи әдістерге арналған жұмыстар, бала дамуына әсер ететін инновациялық және дәстүрлі тәжірибелер педагогтар мен ата-аналар үшін тиімді. Біздің мақсат – баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін ең маңызды, тәрбиелік мәні зор материалдарды жариялау.

«Балабақша – білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы»

«Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі экологиялық тәрбиенің маңызы»

Қазіргі таңда экологиялық мәселелер бүкіл адамзат үшін өзекті. Сондықтан табиғатты қорғауға тәрбиелеуді мектепке дейінгі кезеңнен бастау маңызды. Бұл жаста бала табиғатты танып, оған деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Экологиялық тәрбиенің мақсаты – балаларды табиғатты аялауға, қорғауға үйрету. Гүл суару, өсімдіктерді күту, құстарға жем беру сияқты әрекеттер балалардың жанашырлығын арттырады. Серуен кезіндегі бақылаулар мен ойындар экологиялық түсінікті тереңдетеді.

«Табиғатты қорғайық», «Таза қала» сияқты ойындар арқылы балалар табиғатты қорғау ережелерін меңгереді. Экологиялық тәрбие баланың мейірімділік, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырады.

Бұл бағытта ата-анамен бірлескен жұмыстың маңызы зор. Қорыта айтқанда, экологиялық тәрбие арқылы табиғатты сүйетін, қоршаған ортаға жанашыр ұрпақ тәрбиеленеді.
Ермек А. Т.
Қарағанды қаласындағы «Алтын сақа» бөбекжайының педагог-модераторы
«Әніміз –шаттық үні»

Ұйымдастырылған іс-әрекет: Музыка.
Мақсаты: Балаларды музыканы зейін қойып тыңдауға, әннің көңіл-күйі мен ырғағын ажыратуға үйрету. Әнді бірге орындау дағдыларын дамыту және музыкаға қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, салыстыру, топтық жұмыс, музыкалық ойындар. Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, түрлі-түсті шарлар, ойын материалдары.

Іс-әрекет барысында балалар музыкалық-ырғақты қимылдар орындап, ән тыңдап, дауыс жаттығуларын жасады. «Елімізді сүйеміз», «Күзге сәлем!», «Әлди» әндері тыңдалып, олардың сипаты ажыратылды.

«Әніміз – шаттық үні» әні үйретіліп, балалар әнді жеке және хормен орындады. «Ән салған кім?» музыкалық ойыны арқылы балалардың ырғақты сезінуі мен белсенділігі артты.

Қорытындысында балалар музыканы тыңдау, әнді бірге орындау мәдениетін меңгеріп, музыкаға деген қызығушылықтары артты.
Сайлаубаева Л. Д.,
Ақтау қаласындағы №11 «Шағала» балабақшасының музыка жетекшісі
«Көкөніс отырғызу»

Білім беру саласы: Қоршаған ортамен танысу. Мақсаты: Балаларды пияз отырғызу жолымен таныстыру, өсімдікке күтім жасауға, табиғатты сүюге және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Құралдар: пияз, топырақ, ыдыс, су құйғыш, қолғап.

Тәрбиеші балаларға пиязды таныстырып, оның пайдасы мен ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Балалар түрлі түсті пияз суреттері арқылы 3 топқа бөлінеді.

1-топ – топырақ дайындайды. 2-топ – пиязды отырғызады. 3-топ – су құйып, жарық жерге қояды.

Отырғызу кезеңдері: топырақ салу, пиязды орналастыру, үстін жабу, су құю, жарық жерге қою.

Шығармашылық жұмыс барысында: 1-топ пияздың суретін салады; 2-топ 3D жапсыру жұмысын орындайды; 3-топ ермексаздан жасыл пияз мүсінін жасайды.

Қорытынды: Пияздың өсуі үшін күтім қажет. Табиғатты қорғап, аялау керек.
Алтынбекова Л. Б.,
КМҚК «№129 бөбекжай-балабақшасының» тәрбиешісі

Бұл шығарылымда төмендегі авторлардың жұмыстарымен таныса аласыздар.

Жұмабекова Фатима Ниязбекқызы,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты

Сәуле Досжан,

жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Аманғосқызы Әсемгүл,

Ақтөбе қаласындағы № 29 «Арай» бөбекжай-балабақшасының әдіскері

Буйницкая Людмила Александровна,

педагог КГКП «Ясли-сад № 17» г. Костанай

Байдаулетов Садыль Ахметович,

Қостанай қаласындағы
«№61 бөбекжайы»
ҚМҚК-ның дене шынықтыру нұсқаушысы

«ПІШІНДЕР ӘЛЕМІНДЕ»
Абдушева А. У.,
№29 «Арай» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
«ГҮЛ ТАҢДА»
Шауенова Н. К.,
№29 «Арай» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
«СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ»
Сахарханова Р.,
Алматы қаласындағы КМҚК «№129 бөбекжай-балабақшасының» тәрбиешіс

«КІМ ЖАҚСЫЛЫҚТЫ КӨП ЖАСАЙДЫ?»

Сәуле ДОСЖАН,
жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Арыстан орманда жалғыз келе жатып, түлкіге кездеседі. Түлкі оған нөкер мен көмекшілер керек екенін айтып, жанында сән-салтанатпен жүруге кеңес береді. Сонда Арыстан: «Кім көп жақсылық жасаса, соны қасыма аламын», – деп жарлық шығарады.

Аю өзеннің жолын ашып, адамдар мен аңдарға су жеткізгенін айтады. Маймыл адамдарды күлдіріп, көңіл көтеретінін жеткізеді. Тасбақа құмырсқалар мен бақаларды құтқарып жүретінін айтып, кішкентай болса да жақсылық жасайтынын дәлелдейді. Ал түлкі өзін бәрінен хабардар ететін көмекші ретінде ұсынады.

Арыстан ойланып, Аюды қасына ертіп, Маймылды кеңесші, Түлкіні көмекші етіп алады. Уақыт өте орманда өрт шығып, барлық аңдар жан-жаққа қашады. Тек кішкентай қарлығаш су тасып, өрт сөндіруге көмектеседі. Әлсіреген Арыстанға тасбақа да шөп әкеліп, қамқорлық көрсетеді.

Сонда тасбақа:
– Нағыз жақсылық жасаған адам оны айтып мақтанбайды, – дейді.

Арыстан осы сөзден үлкен сабақ алыпты.

Давайте не забывать, какой ценой нам досталась мирная жизнь. Будем помнить подвиг наших героев и хранить благодарность в наших сердцах.

У каждой семьи есть своя история мужества и герои, которыми гордятся поколения. Давайте рассказывать о них, чтобы память жила вечно.

А я хочу поделиться историей своего прадедушки Намысбая Сексенбаева, который стал для меня примером стойкости, чести и преданности Родине.

_________________________________________________

Бізге бейбіт өмірдің қандай қиындықпен келгенін ешқашан ұмытпайық. Батырларымыздың ерлігін жадымызда сақтап, оларға әрдайым алғыс білдірейік.

Әр отбасының өз қаһарманы, өз тарихы бар. Сол ерлікке толы өмір жолдарын кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз.

Мен де өзіме үлгі болған ардақты атам Намысбай Сексенбаевтың өмір жолы туралы айтып бергім келеді. Оның өмірі – батылдықтың, төзімділіктің және елге деген адалдықтың жарқын үлгісі.

 

Автор: Төлеужан Амина Ержанқызы

«ПРЕЕМСТВЕННОСТЬ ДОШКОЛЬНОГО И НАЧАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ КАК УСЛОВИЕ УСПЕШНОЙ АДАПТАЦИИ И РАЗВИТИЯ ЛИЧНОСТИ РЕБЁНКА»

БУЙНИЦКАЯ Л.А,.
КГКП «Ясли-сад № 17» г.Костанай

В статье рассматриваются вопросы преемственности между дошкольным и начальным образованием как важного условия успешной адаптации ребёнка к школе. Подчёркивается роль взаимодействия педагогов, родителей и использования современных технологий. Преемственность обеспечивает плавный переход ребёнка к школьному обучению, способствует развитию познавательных, социальных и эмоциональных навыков. Важную роль играет семья, совместная работа педагогов и родителей, а также создание благоприятной образовательной среды.
Опыт работы ясли-сада №17 показывает эффективность комплексного подхода, включающего диагностику готовности детей, совместные мероприятия со школой и использование цифрового ресурса «Умный старт». QR-коды и онлайн-материалы делают подготовку к школе доступной и удобной.
Таким образом, комплексный подход и современные технологии помогают успешной адаптации ребёнка к школе и его дальнейшему развитию.

Прокрутить вверх