"ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАБАҚША" – республикалық журнал.

Басылымда жылына 300-ге жуық алуан тақырыптағы бала тәрбиесіне қатысты материалдар жарияланады. Бала тәрбиесіндегі мақсаты айқын, алдына жауапты міндет жүктеген Мектепке дейінгі білім мен тәрбие саласы қызметкерлері, педагогтардың ұрпақ тәрбиесіндегі ізденісті еңбектерінің әрқайсысының ғылыми-әдістемелік тұрғыдан алғанда баға жетпес тәрбиелік мәні зор құнды дүниелер екенінде дау жоқ. Өйткені, еліміздегі педагог-мамандар ұрпақ тәрбиесіне қатысты өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезіне біледі. Сондықтан да кішкентай сәбиден бастап, егемендіктің мәуелі бағының жемісін татып үлгерген бүгінгі жастарымыздың болашағы әрдайым жарқын болары анық.

Жарияланған материалдарды мектепке дейінгі тәрбие мен бала психологиясының жетекші мамандары әзірлеген. Журнал қазақ және орыс тілдерінде шығарылады. Бұл оны мамандардың кең аудиториясына қолжетімді етеді.

Редакция алқасына Қазақстанның жетекші педагогикалық жоғары оқу орындары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мамандары кіреді.

Басылым педагогтардың кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, балалардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Біздің журнал арқылы білім мен тәрбие саласындағы белгілі ғалымдар, балабақша меңгерушілері, әдіскерлер, психологтар, тәрбиешілер, тіл, музыка, денешынықтыру мамандары өз мекемелерінде заман талабына сай тың жаңа инновациялық технологияларды қолданудағы іс-тәжірибелері, ғылыми зерттеу жұмыстары, сабақ жоспарлары, іс-тәжірибелерімен кеңінен бөлісе алады.

Оқу материалдары

Балабақшалардағы әдіскерлер мен тәрбиешілерге арналған практикалық ұсыныстар, сабақ жоспарлары.

Ата-аналарға арналған

Балаларды тәрбиелеу, дамыту және мектепке дайындау бойынша кеңестер. Отбасы тәрбиесіне қатысты өзекті сұрақтарға жауаптар.

Психологтар үшін

Бала психологиясы, диагностикасы және мінез-құлық араласуы бойынша ресурстар. Әртүрлі жас топтарымен жұмыс істеу әдістері.

Ойын сценарийлері

Оқу үрдісінде қолдануға арналған оқу ойындары, ертегілер, тақпақтар, оқиға сценарийлері.

Біздің негізгі мақсатымыз – педагогтардың кәсіби дамуына қолдау көрсету. Ата-аналарға бала тәрбиесінде дұрыс жолды таңдауға көмектесу. Сондықтан Сіз біздің журналға жазылу арқылы жаңа әдістемелік мақалаларды, оқу мен тәрбиеге арналған тың материалдармен таныса аласыз. Бұл Сіздің уақытыңызды үнемдеп, жұмысыңызды жеңілдетеді. Біз Сіздер үшін еңбек етеміз.

Прокрутить вверх