Негізі қаланған сәттен бастап журнал өз дәстүрі мен құндылықтарын сақтап келеді. Форматы өзгермей, мазмұны заман ағымына сай жаңарып отырады. «Отбасы және балабақша» журналының тарихы, бүгіні мен болашағы – үздіксіз байланысқан бір тұтас жол. Өткеннің тәжірибесі мен бүгіннің цифрлық жаңашылдығы осы басылымда тоғысады.
"ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАБАҚША"
журналының ағымдағы саны
Балабақша журналы тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған.
Журналдың кезекті санында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Жұмабекова Фатима Ниязбекқызының «Даналыққа жол». Ғұламалар ілімдері негізінде мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде қолданылатын ойындар» атты авторлық бағдарламасындағы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ар» ілімі негізіндегі ойындар топтамасымен танысып, өз іс-тәжірибелеріңізде қолдана аласыздар. Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov college», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Омарова Алмагүл Нұрахметқызының «Болашақ тәрбиешілердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбындағы мақаласы, Алматы қаласындағы КМҚК «№120 бөбекжай-балабақшасының» педагог-психологы Нәлжігітова Жібек Оңғарқызының «Мектеп жасына дейінгі балалардағы агрессивті мінез-құлықты түзету жолдары» тақырыбындағы материалы назарларыңызға ұсынылады. Ақтөбе қаласындағы «Алма» арнайы балабақшасы» КММ-нің, Ақтөбе қаласындағы №28 «Көркем» балабақшасының, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданына қарасты «Атамекен ауылындағы №11 «Шағала» бөбекжайы» МКҚК-ның, Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы «Болашақ» балабақшасы КМҚК педагогтарының жұмыстары, еліміздің әр өңірінен журналымыздың редакциясына келіп түскен тәрбиешілердің, Мектепке дейінгі бала тәрбиесіне бағытталып, заман талабына сай әзірлеген тың материалдары жарияланды.
Аңдатпа
Бұл шығарылымда мектепке дейінгі тәрбиенің негізгі бағыттарын қамтитын материалдар ұсынылады:
- Ғұламалар ілімдері негізіндегі рухани-танымдық тәрбие.
- Педагогтардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
- Балалардағы агессияның алдын алу шараларының маңыздылығы.
- Арнайы балабақша – тәжірибе, нәтиже, бала мен отбасының сенімді тірегі.
- Экологиялық мәдениет, зерттеу, бақылау.
- STEM элементтері арқылы қарапайым тәжірибе.
- Педагогтардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері.
Материалдар тәрбиешілердің практикалық жұмысына бағытталған және мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын қолдауға арналған.
Жұмабекова Фатима Ниязбекқызы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты
Ғұламалардың ілімдеріне негізделген ойындар мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани құндылықтарды қызықты әрі қолжетімді түрде жеткізудің тиімді әдісі болып табылады. Ойындар балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың танымдық, зияткерлік және рухани дамуына ықпал етеді. Педагогтармен ата-аналар ғұламалардың даналық ойларын білім мен тәрбие процесіне енгізіп, балалардың ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіріп, жан-жақты дамуына көмектесе алады.
Материалдың толық нұсқасын мұрағаттан қараңыз.
Төменде авторлардың түрлі тақырыптағы материалдарының ықшамдалған нұсқасын ұсынамыз. Ұлттық құндылық, ойын, шығармашылық, тәрбие және заманауи әдістерге арналған жұмыстар, бала дамуына әсер ететін инновациялық және дәстүрлі тәжірибелер педагогтар мен ата-аналар үшін тиімді. Біздің мақсат – баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін ең маңызды, тәрбиелік мәні зор материалдарды жариялау.
«Балабақша – білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы»
Бөлімі:
Экология (ата-анамен бірлескен тәжірибе)
Мақсаты:
Өсімдікті өсірудегі жарықтың маңызын түсіндіру, бақылау дағдыларын дамыту, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Бидай дәні, су, LED шам.
Қауіпсіздік:
Шамды қоспау, суды бүркіп құю, бидайды ауызға салмау.
Барысы:
Ферма, егіншілік және бидайдың маңызы туралы әңгіме. Бидай туралы бейнеролик көру. Ата-анамен бірге бидайды ыдысқа салып, су бүркіп, LED шам астына қою. Күн сайын бақылау.
Сергіту:
Бидай туралы тақпақ.
Қорытынды:
Еңбекті қадірлеу, табиғатты аялау.
«Болашақ» балабақшасы
КМҚК-ның тәрбиешісі,
педагог - модератор
Білім беру саласы:
Әлеумет. Қоршаған әлем. Зерттеу
Мақсаты:
Тәжірибе арқылы түстердің араласуын, заттардың суда қозғалуын және жарықтың әсерін бақылау, зерттеушілік қызығушылықты дамыту.
Құралдар:
Шыны ыдыс, су, куркума, жасыл ертінді, жарық көзі.
Барысы:
Балалар өзін ғалым ретінде сезінеді. Су мен бояудың араласуын, куркуманың суда қозғалуын бақылайды. Жарық түскенде жұлдызға ұқсас көрініс пайда болады.
Қауіпсіздік:
Зеленканы ауызға салмау, көзге тигізбеу, қолды жуу.
Қорытынды:
Балалар түстердің өзгеруін, қозғалысты және жарықтың әсерін түсінеді.
Нәтиже:
Бақылау, ой айту, тәжірибеге қызығушылық қалыптасады.
«Болашақ» балабақшасы
КМҚК-ның тәрбиешісі,
педагог-модератор
Білім беру саласы: Қатынас
Мақсаты:
Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, тілін дамыту, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Әдістері:
Әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекіліктер:
Қыс суреттері, аққала, ойын құралдары.
Барысы:
Өлең жұмбақ арқылы қыс мезгілін анықтау. Қыстың белгілері, айлары, киімдері және мерекелерімен танысу. Қимыл-қозғалыс арқылы қыс құбылыстарын көрсету.
Ойын:
«Қайсысы артық» – мезгілге сай киімді анықтау.
Ғажайып сәт:
Аққаланың келуі, балалардың тақпақ айтуы.
Қорытынды:
Аққала мадақтап, сыйлық береді.
«Болашақ» балабақшасы
КМҚК-ның тәрбиешісі,
педагог - модератор
Бұл шығарылымда төмендегі педагогтардың жұмыстарымен таныса аласыздар.

Нәлжігітова Жібек Оңғарқызы,
Алматы қаласындағы
КМҚК №120
бөбекжай-балабақшасының»
педагог-психологы

Курмангалиева Гулсара Мухамбетовна,
«Алма» арнайы балабақшасы» КММ-нің
тәрбиешісі

Шамрова Э. П.,
Музыкалный руководитель, специалист высшей категории,
педагог - исследователь
КГКП «Ясли – сад №129»
г. Алматы

Татпенова Айгул Жалгасовна,
«Қарақұм» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК-ның
педагог-модераторы

Уланбаева Жаннат Косайевна,
№11 «Шағала» бөбекжайы МКҚК-ның тәрбиешісі
«Алма» арнайы балабақшасы» КММ-ның логопеді
«Алма» арнайы балабақшасы»
КММ-нің әдіскері
Ақтөбе қаласындағы
«Алма» арнайы балабақшасы»
КММ-нің меңгерушісі
«Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балалардың тілін түзетуде жаңылтпаштарды қолдану»
Махамбетрзина Эльвира Сериковна,
«Алма» арнайы балабақшасы» КММ-нің
логопеді
Қазіргі таңда балаларды дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты. Баланы сәби кезінен халық ауыз әдебиетімен, соның ішінде жаңылтпаштармен тәрбиелеу сөйлеу тілі, логикалық ойлауы мен сөздік қорының дамуына үлкен әсер етеді. Бұл әдіс әсіресе сөйлеу тілінде күрделі бұзылысы бар балалар үшін тиімді. Бейнелі суреттер мен ойыншықтар арқылы жаңылтпашты қолдану баланың қызығушылығын арттырып, тез меңгеруіне мүмкіндік береді.
Ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар (түрлі-түсті тастар, дәнді дақылдар, моншақтар) логопедиялық жұмыста кеңінен қолданылады. Олар саусақ моторикасын, қол қимылының үйлесімділігін, кеңістікті бағдарлауды және фонематикалық қабылдауды дамытуға ықпал етеді. Жаңылтпаш терапиясы сөйлеу тілін түзетуде тиімді әдіс болып, баланың сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуіне, дыбыстарды дұрыс айтуына көмектеседі. Бұл тәсілді арнайы балабақшаларда топтық және жеке сабақтарда жүйелі қолдану оң нәтиже береді.
Жаңылтпаш – халық ауыз әдебиетінде кең таралған жанрлардың бірі. Ол баланың дикциясын қалыптастырып, дыбыстық жүйені меңгеруіне, есту қабілеті мен фонематикалық қабылдауын дамытуға ықпал етеді. Жаңылтпаштар дыбыстарды шапшаң әрі анық айтуға, сөйлеу тілін жетілдіруге бағыттайды.
Түзету жұмысында жаңылтпаштарды дыбысты сөйлемде машықтандыруда, лексикалық тақырыптарды меңгертуде және логосағат кезінде логоырғақ пен музыкамен қолдануға болады. Бұл балалардың сөйлеуге деген қызығушылығын арттырып, тіл мен мәдениетті біртұтас қабылдауына мүмкіндік береді.
«Арнайы балабақша: бүгінгі тәжірибе – ертеңгі жетістік»
Балымбетова Гулшат Шалкаровна,
Ақтөбе қаласындағы «Алма» арнайы балабақшасы» КММ-нің меңгерушісі
Ерекше білімді қажет ететін балаларды қолдау – маңызды әлеуметтік мәселе. «Алма» арнайы балабақшасы сөйлеу тілінде бұзылысы бар балаларға жеке көзқарас пен кәсіби көмек көрсетеді. Мұнда тәрбие мен түзету жұмысы бір жүйеге келтіріліп, педагогтар мен мамандардың, сондай-ақ ата-ананың бірлескен қызметі арқасында балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалады.
Балабақшада логопед, психолог және тәрбиеші сөйлеу, моторика, әлеуметтік бейімделу мен эмоционалдық тұрақтылықты дамытуға бағытталған терапияларды қолданады. Жүйелі жобалар («Мультленд», «ЭкоKIDS», «Life & Work Skills» т.б.) балалардың белсенділігін арттырып, қоршаған ортамен байланысын жеңілдетеді.
Арнайы балабақша – тек білім беру мекемесі емес, бала мен отбасы үшін сенімді тірек пен даму ортасы, сөйлеу тілінде күрделі бұзылысы бар балалардың толыққанды дамуына жол ашады.
«Драматизация сказки «Колобок» в младшей группе»
Берикова Жазира Кайсаралыкызы,
Воспитатель КГКП «Ясли - сад № 16» г.Алматы
Цель:
Расширять представления детей о народных сказках, учить понимать поступки героев. Развивать память, внимание, доброжелательное отношение друг к другу, интерес и сочувствие к персонажам сказки.
Этапы реализации:
Чтение и пересказ сказки «Колобок», придумывание нового окончания, настольный театр, обыгрывание эпизодов. Совместная творческая работа по поиску и спасению Колобка.
Ход организованной деятельности:
Дети находят письмо от бабушки из сказки «Колобок» с просьбой помочь найти убежавшего Колобка. Ребята отправляются в лес «паровозиком».
В лесу дети выполняют задания сказочных персонажей:
Заяц — игра «Собери морковку»;
Волк — подвижная игра «Тоннель»;
Медведь — сбор шишек.
Каждый герой подсказывает, куда покатился Колобок. В конце дети приходят к избушке лисы. Лиса возвращает Колобка после музыкального номера «Погремушки».
Дети возвращают Колобка бабушке. Бабушка благодарит ребят и угощает бауырсаком. В конце занятия проводится беседа-рефлексия: что понравилось, кому помогали.
Итог:
Дети проявляют интерес к сказке, учатся сопереживать героям и помогать друг другу.