Баланың танымдық қабілетін дамыту – үздіксіз үдеріс. Бұл бөлімде сіздерге оқу, үйрену және алған білімді нақты өмірде қолдануға мүмкіндік беретін әдістемелік материалдар мен ойын форматындағы тапсырмалар ұсынылады. Бәрі қарапайым, қызықты және баланың жас ерекшелігіне сай бейімделген. Әр ойын – жаңа дағдының бастауы!
Жаңаны меңгер, тәжірибеде қолдан.
Ойындар бойынша біздің барлық материалдарымыз мұрағатта сақталады.
Жүсіп Баласағұнның «Ізгілік ілімі» негізіндегі ойындар
Жұмабекова Фатима Ниязбекқызы,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты
«Қамқор достар» ойыны
Мақсаты:
Балаларды бір-біріне қамқор болуға, достықты бағалауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: «Достық шеңбері» суреті, түрлі түсті стикерлер, қамқорлық бейнеленген суреттер, сиқырлы қобдиша.
Ойын барысында балалар жұптасып, бір-біріне сенім мен қамқорлық көрсетеді. Тәрбиеші қамқорлықтың маңызын түсіндіреді.
1-тапсырма: «Қамқорлық ісі» – балалар суреттегі қамқорлық әрекеттерін сипаттайды.
2-тапсырма: «Қамқор достық шеңбері» – балалар стикерге досына арналған жылы сөз жазып, күннің немесе жүректің айналасына жапсырады.
3-тапсырма: «Сиқырлы қобдиша» – балалар достық пен қамқорлыққа байланысты сұрақтарға жауап береді.
Қорытынды: Балаларды бір-біріне көмектесуге, қолдау көрсетуге және достықты қадірлеуге баулу.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» ойыны
Мақсаты: Балаларды жылы сөз айтуға, бір-біріне жақсылық тілеуге, мейірімді қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Жақсы сөздің адамға жағымды әсерін түсіндіру, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
Қажетті құралдар: жүрекшелер, күн немесе гүл суреті, «Жақсы сөз» плакаты, сиқырлы қорап.
Ойын барысында балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы сөздер айтады: «Сен жақсы доссың», «Сенің күлкің әдемі». Тәрбиеші жақсы сөздің адам көңілін көтеретінін түсіндіреді.
1-тапсырма: «Жүректен жүрекке» – балалар жүрекше ұсынып, досына жақсы тілек айтады.
2-тапсырма: «Сиқырлы қорап» – балалар суретке қарап, жылы сөз ойлап табады.
Мысалы:
Күн – «Сен жарқырайсың!»
Гүл – «Сен әдемісің!»
Соңында балалар жүрекшелерге тілектер жазып, «Жылы сөз ағашын» безендіреді.
«Жақсылық ағашы» ойыны
Мақсаты:
Балаларды ізгілікке, мейірімділікке, жылы сөз айтуға және бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: ағаш суреті, түрлі-түсті жапырақтар, қаламдар, стикерлер, «Жақсылық ағашы» баннері.
Ойын барысында балалар жасаған жақсы істері үшін ағашқа жапырақтар іледі. Тәрбиеші жақсылық пен мейірімділіктің маңызын түсіндіреді.
1-тапсырма: «Жапыраққа жақсылық жазу» – балалар жапырақтарға жақсы сөздер немесе жасаған игі істерін жазады. Мысалы: «Досыма көмектестім», «Анама көмектестім».
2-тапсырма: «Ағашты безендіру» – балалар жапырақтарын ағашқа іліп, «Жақсылық ағашын» толықтырады.
Қорытынды: Әрбір жақсы іс – ағаштағы әдемі жапырақ секілді. Жақсылық жасау арқылы өміріміз көркейеді.